Оқырмандарға

ҚазҰАЗУ Ғылыми кітапханасын пайдалану ережесі


  1. Жалпы ережелер
    • Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (әрі қарай ҚазҰАЗУ) ғылыми кітапханасын пайдалану ережесі «Қазақстан Республикасы жоғары кәсіби білім беру мекемелері кітапханасының типтік ережесіне» (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 17.08.2000 жылғы №827 бұйрығы) сәйкес әзірленген;
    • Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми кітапханасы – университеттің оқыту-тәрбиелеу үрдісін, ғылыми-педагогикалық қызметін библиографиялық-ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз ететін мекеме;
    • Университет ғылыми кітапханасы – өз оқырмандарына қызмет көрсетуде, кітап қорын пайдалануда олардың мамандығы мен білім деңгейіне, ұлтына, саяси пікірлеріне, т.б. шектеу қоймайды;
    • Кітапхана қоры университет қарамағындағы, сол арқылы мемлекеттік қорғауға алынған

Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады;

  • Ереже оқырманның кітапханамен ара қатынасын реттейтін құжат және оқырмандарға қызмет

көрсетуді ұйымдастырудың, кітап қорын пайдаланудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырмандардың құқығы мен міндеттерін реттейді;

  • Кітапхананы пайдалану тегін.

 

  1. Негізгі міндеттері
    • Университеттің профилі бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік, ғылыми

басылымдарды жинақтау, сақтау, оқырмандарға әдебиеттерді насихаттау.

 

  1. Пайдаланудың жалпы ережелері
    • Кітапхананы пайдалану құқығы университеттің студенттері мен магистранттарына,

профессорлық-оқытушылық құрамына, ғылыми қызметкерлеріне беріледі.

  • Оқырмандар кітапханадан үйге уақытша қолдануға кітаптар, басқа да түрлі материалдар алуға, сондай-ақ белгіленген талапқа сәйкес жекелеген материалдарға тапсырыс беруге, олардың көшірмесін жасауға; библиографиялық, анықтама-ақпараттық және кітапхана көрсететін басқа да қызмет түрлерін пайдалануға; кітапхана ұсынатын техникалық құралдарды қолдануға құқылы;
  • Әдебиеттерді үйге беру абонементте жүзеге асады. Кітаптың соңғы немесе жалғыз данасы үйге берілмейді.

 

  1. Оқырманның кітапханаға жазылуы

4.1  І-курс студенттеріне қыркүйекте оқырман билеттері беріледі, оқырман формуляры мен тіркеу карточкасы толтырылады;

4.2 Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, студенттер, магистранттар жеке куәліктерін ұсынады;

4.3  Кітапханаға жазылар кезде оқырман кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, оларды орындауға міндетіне алатынын растап, оқырман формулярына қол қояды;

4.4  Жыл сайын кітапхана өз оқырмандарын қайта тіркеуден өткізеді, оларға кітапхана белгілеген мерзімге берілген кітаптардың уақытын созады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді;

4.5 Университеттен шығып кеткен кезде оқырман қолындағы барлық басылымдарды кітапханаға қайтарады;

4.6  Кітапты, басқа да басылымдарды алар кезде оқырман оны мұқият қарап шығып, ақаулары бар болса, кітапханашыны хабардар етеді, олай болмаған жағдайда кемшіліктің орнын кітапты соңғы пайдаланған оқырман толтырады;

4.7 Басылымға зиян келтірген немесе жоғалтқан оқырман оны дәл осындай басылыммен не оның көшірмесімен немесе кітапхана соған тең деп тапқан басқа да басылыммен ауыстырады, ал ауыстыра алмаған жағдайда басылымның нақты 3 еселенген нарықтық құнын төлейді. Жоғалған немесе бүлінген кітаптардың орнын толтыру мерзімі кітапхана директорымен белгіленеді.

 

  1. Абонементті пайдалану ережесі

5.1 Абонементті қолдану құқығы университетте оқитын студенттер мен жұмыс істейтін қызметкерлерге беріледі;

5.2 Кітаптар және басқа да құжаттар осы абонементте оқырман формулярының негізінде беріледі;

 

  1. Оқу залдарын пайдалану ережесі

6.1  Оқырмандар ғылыми оқу залы, мерзімдік басылымдар оқу залы, электронды оқу залының қызметін пайдалануға құқылы;

6.2  Оқу залында әдебиеттерді пайдалану үшін студенттер мен қызметкерлер кітапханашыға оқырман билетін ұсынады;

6.3  Сирек кітаптар, диссертациялардың авторефераттары, диссертациялар, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептер тек сол ғылыми оқу залы ішіне ғана беріледі;

6.4. Диссертациялар көшірмеге берілмейді, кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерін және 5 бетке дейін ғана көшіріп жазуға рұқсат етіледі;

6.5  Оқырмандар кітапханашының рұқсатымен ғана кітаптар мен мерзімдік басылымдарды оқу залынан көшірме жасату үшін шығара алады;

6.6 Оқу залындағы анықтамалар мен энциклопедиялар және құнды басылымдар көшірмеге берілмейді.

6.7   Электрондық каталогты пайдаланғанда қажетті әдебиеттердің тізімін флэшка, дискет, CD, DVD  көшіріп қолдануға рұқсат етіледі.

 

  1. Оқырман құқығы

7.1  Кітапхананың барлық оқырмандары өзінің қызығушылығы мен талабына орай кітапхана бөлімдерін таңдауға құқылы;

7.2  Оқырмандар  мемлекеттік ана тілінде, орыс және шет тілінде қызмет көрсетуді талап етуге құқылы;

7.3    Кітапхана оқырманы төмендегі қызметтерді пайдалануға құқылы:

7.3.  Кітапханада кез келген мәселе бойынша басылымдардың қоры туралы мәлімет алуға;

7.3.  Каталогтар, картотекалар мен оларды қолдану ережесі туралы ақпарат алуға;

7.3.  Кітапхана қорынан басылымдарды уақытша қолдануға алуға;

7.3. Библиографиялық, анықтама-ақпараттық қызмет көрсетуді, дәстүрлі және электронды іздеу аппараттарын қолдануға;

7.3.  Кітапхана қорына түскен жаңа басылымдар көрмесімен танысуға;

7.3. Құжаттардың электронды нұсқасын залда отырып пайдалана алады, электронды оқулықтар үйге берілмейді.

 

  1. Оқырмандардың міндеттері мен жауапкершіліктері

8.1 Кітапхана оқырмандары кітапхананы пайдалану ережесін сақтауға міндетті;

8.2 Кітапхана қорынан алынған құжаттарға мұқият қарау, оларды белгіленген уақытта қайтару; кітап қорындағы басылымдарды кітапханашының рұқсатынсыз оқу залынан, ғылыми-библиография бөлімнен, электронды оқу залынан шығармау, кітапқа ешқандай белгілер, сызулар түсірмеу, кітап беттерін бүктемеу, каталогтан кәртішкелерді шығармауға міндетті;

8.3  Кітапхана бөлімдерінен әдебиеттерді алу үшін оқырман билетін ұсынуы тиіс, абонементтерде әр басылым үшін кітап формулярына оқырманның аты-жөні, алған мерзімі мен тобы  жазылады;

8.4  Құжаттарды алу кезінде оқырман оларды мұқият қарап шығып, ақауы болса, кітапханашыны хабардар етуі қажет, ал кітапханашы оған сәйкесінше белгілер қояды;

8.5  Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған, оған зиян келтірген жағдайда оқырман құқығынан айрылады немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес материалдық жауапқа тартылады, құқықтан айыру мерзімі әр құқық бұзушылыққа жеке белгіленеді;

8.6 Жыл сайын оқырман абонементте, оқу залында қайта тіркелуден өтуі керек. Қайта тіркелмеген оқырманға қызмет көрсетілмейді. Қайта тіркелу кезінде оқырман қарызын өтеп, қолындағы әдебиеттерді де қайта тіркейді. Қарыз оқырмандар қарыздарын өтегенше кітапхана қызметін пайдалана алмайды. Оқырманның мәселесін қарау жөніндегі материалдарды факультет деканына немесе жұмыс орнына жіберуге құқылы;

8.7  Оқырман кітапхана залдарында тәртіп пен тыныштық сақтауы және ішкі тәртіп ережелеріне бағынуы керек;

8.8 Оқырманға рұқсат етілмейді:

8.8.1  Кітапханаға сыртқы киіммен кіруге;

8.8.2  Кітапхана бөлімдерінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;

8.8.3  Кітапхана бөлімдерінде ұялы телефон қолдануға;

8.8.4 Кітапханадан қызметкердің тексеруінен өтпеген, өздері қол қоймаған басылымдарды алып шығуға;

8.8.5  Кітапхана басылымдарына (оларға белгі салуға, парақтарын жыртуға, жиектерін бүгуге т.б.) зиян келтіруге;

8.8.6  Картотекалар мен каталогтардан кәртішкелерді шығарып алуға, белгі соғуға, каталогтағы кәртішкелердің орналасу тәртібін бұзуға;

8.8.7  Қызмет орындары мен кітап сақтау орындарына рұқсатсыз кіруге;

8.8.8 Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдармен, баспа туындыларының кесінділерімен, басқа да баспа материалдарымен кіруге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ кескіш саймандармен, желім, портфель, сөмкемен, қалың полиэтиленді пакетпен, жүк және тамақпен кіруге болмайды;

8.8.9 Оқырман билетін басқа оқырманнан беріп жіберуіне және басқа оқырманның билетін пайдалануына тыйым салынады.

8.8.10 Кітапханадағы мебельдер мен техникалық құрал жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға, аудиовизуалдық материалдар мен ақпараттық дәстүрлі және электронды таратқыштарды игеруге техникалық талаптарды сақтауға міндетті.

 

  1. Кітапхана құқықтары

9.1 Кітапхана университеттің кітапхана туралы Ережесі мен кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырманға қызмет көрсетеді;

9.2  Кітапхана құқылы:

9.2.1 Жоғары оқу орны кітапханасының мақсаты мен міндеттеріне сай кәсіптік қызмет мазмұнын өздері анықтауға;

9.2.2  Кадр мәселесін реттеуге;

9.2.3 Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен технологиялық нұсқаулықтарды бекітуге;

9.2.4 Кітапханадан алынған кітаптарды қайтарылуын тұрақты бақылауға алуға;

9.2.5 Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған оқырмандарды оқырман құқығынан айыруға;

9.2.6 Кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырманның келтірген зиянының орнын толтыру мақсатындағы басылымның нарықтық құнын белгілеуге және анықтауға;

9.2.7 Басылымдарды қолға беру мерзімін анықтауға;

9.2.8 Шетелдік, республикалық, қалалық кітапханалармен байланыс жасауға, олардан кітап алмасуға, кітапханалық және басқа да іс-шараларға қатысуға;

9.2.9  Өз қорынан қолданыстағы нормативті және құқықтық актілерге сәйкес құжаттарды есептен шығаруға.

9.3  Кітапхана міндетті:

9.3.1  Оқырманға кітапхананың барлық қорын пайдалануға мүмкіндік беруге;

9.3.2  Кітапханада оқырман жұмыс істеуге қажетті жағдай жасауға;

9.3.3  Оқырманды барлық көрсетілетін қызмет түрімен таныстыруға;

9.3.4 Өз қоры мен көрсететін қызметін насихаттауға, кітапқа деген қызығушылықты ынталандыруға, кітапханаға барлық студенттер мен қызметкерлерді тарту үшін шара қолдануға;

9.3.5  Оқырман талаптарын зерттеу және оны барынша қанағаттандыру;

9.3.6 Кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді, кітапты насихаттауды бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлі формаларын қолдану, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу арқылы жетілдіруге;

9.3.7  Кітапханалық-библиографиялық білім негізінде әңгіме, ауызша кеңес беру арқылы оқырмандардың кітапханалық сауаттылығын, оқу мәдениетін көтеруге;

9.3.8 Өз кәсіби қызметі туралы университет Кеңесі және оқырмандар алдында есеп беруге;

9.3.9  Ұлттық мәдени байлықтың бір бөлігі болып табылатын кітап қорын сақтауға жауапты болуға, оқырмандарға берілген кітаптардың дер кезінде қайтарылуын қадағалауға, тек қолдағы қолданыс мерзімі аяқталған кітабын қайтарғаннан кейін оқырманға жаңадан кітап беруге;

9.3.10  Қолдағы кітабының қолданыс уақыты аяқталғаннан кейін оқырмандар барлық кітаптарын өткізіп, маусым-шілде айларында қайта тіркеу қағазын толтыру талап етіледі. Егер оқырман оқу жылының соңында кітапты қайтармаса, қыркүйек айында сол оқырманға қызмет көрсетілмейді.

9.4    Кітапхана қызметкері міндетті:

9.4.1 Белгіленген ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес кітапхана қорындағы басылымдарды сақтау, есепке алу және қордан есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті;

9.4.2  Бөлімдер бойынша кезекті кітап қорын тексеру барысында жоғалған басылымдарға бөлім қызметкерлері жауап береді және бөлім қызметкерлері оларды сондай немесе кітапхана құны мен мазмұны бірдей деп таныған басылымдармен алмастыруға, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда – құны бірдей  кітап қорына қажетті деп танылған басылыммен толтыруы тиіс, ондай болмаған жағдайда оның айлық орташа жалақысының кем дегенде 30 пайызына дейінгі сома ұсталады.