De Gruyter Energy Online шетелдік базасының ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігі ұсынылады

Ғылыми кітапхана De Gruyter Energy Online шетелдік базасының Complete journal package журналдар жинағының ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігін ұсынады.

Электронды ресурстар https://www.degruyter.com/journals сайты арқылы 25.10.-30.11.2021 жж. аралығында қолжетімді. Кіру мүмкіндігі университеттің IP-адресімен жасалынады. 

Журнал коллекциясы 350-ден астам мақаланы қамтиды. Әр журнал халықаралық сарапшылар тобының сараптамасынан өтеді, бұл жарияланған материалдардың жоғары сапасына кепілдік береді. Топтаманың тақырыбы – әмбебап, гуманитарлық тақырыптар басым. Тілдер негізінен ағылшын және неміс, сонымен қатар француз, итальян, испан, португал тілдері.

Energy Online дерекқоры ғылым, сәулет, экономика және саясатқа қатысты энергиямен байланысты тақырыптарды жан-жақты ұсынады. Деректер базасында 1500-ден астам жазбалар бар және жыл сайын энергетика саласындағы соңғы зерттеулер нәтижелерін беретін мақалалар үшін 200-ден астам жаңа жазбалармен толықтырылады.

Ғылыми кітапхана