De Gruyter Energy Online шетелдік базасының ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігі

Ғылыми кітапхана De Gruyter Energy Online шетелдік базасының Complete journal package журналдар жинағының ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігін ұсынады.
Электронды ресурстар https://www.degruyter.com/journals сайты арқылы  25.10.-30.11.2021 ж. аралығында қолжетімді.
Кіру мүмкіндігі университеттің IP-адресімен жасалынады.
Журнал коллекциясы 350-ден астам мақаланы қамтиды. Әр журнал халықаралық сарапшылар тобының сараптамасынан өтеді, бұл жарияланған материалдардың жоғары сапасына кепілдік береді. Топтаманың тақырыбы – әмбебап, гуманитарлық тақырыптар басым. Тілдер негізінен ағылшын және неміс, сонымен қатар француз, итальян, испан, португал тілдері.
Energy Online дерекқоры ғылым, сәулет, экономика және саясатқа қатысты энергиямен байланысты тақырыптарды жан-жақты ұсынады. Деректер базасында 1500-ден астам жазбалар бар және жыл сайын энергетика саласындағы соңғы зерттеулер нәтижелерін беретін мақалалар үшін 200-ден астам жаңа жазбалармен толықтырылады.

 

 

Ғылыми кітапхана