«Парасат жолы» орталығының ашылуы

     2021 жылдың 12 cәуірінде Ғылыми кітапханада  «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» атты жаңа орталық ашылды. «Парасат жолы» орталығының кітапханалардан басталуы заңды деп білеміз, себебі білім мен парасаттың қайнар көзі – кітапта. Біз үшін жастардың болашағы маңызды.  Бұл студенттер мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ.

    ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің төрасасы Қ.А.Токушев мырза келіп орталықтың келешекте атқаратын жұмысымен танысты.

     Бұл орталықта тұрақты «Парасат жолы – адалдық жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Көрменің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық іс-қимыл тәсілдері туралы білімді насихаттау.

    «Парасат жолы» орталығында адалдыққа, парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізіледі және ғылыми кітапхананың веб-парағында жүктелген видео-роликтер көрсетіліп тұрады.

Ғылыми кітапхана