«Латын әліпбиі – рухани Тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты дөңгелек үстелі

Ғылыми кітапхананың оқу залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көрсетілген көкейкесті мәселелердің бірі – латын әліпбиіне көшу жұмыстарын бастау жөніндегі тапсырмасына орай «Латын әліпбиі – рухани Тәуелсіздігіміздің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған кітапханашылар, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушылары және студенттер қатысты.

Жиынды кітапхананың «Каталогтарды ұйымдастыру және жинақтау» бөлімінің меңгерушісі Қ. Сүлейменова ашып: «Рухани жаңғыру мәселесінде қазақтың латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін қабылдау – жаппай талқылау өзегіне айналды» деп өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар тіл мамандары Г. Ахантаева, Ж.Алдибековалар сөз сөйлеп, 1 курс студенттері Б.Армановтың «Латын әліпбиі – Тәуелсіздік тұғыры», Б.Нәметтің «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам», Р.Алашбаеваның «Тіл көкжиегін айқындаған әліпби» баяндамалары тыңдалды.

          Ғылыми кітапхананың автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Абатова латын графикасын пернетақтадан жылдам терудің әдістерімен таныстырды. Жиынды қорытындылаған ғылыми кітапхана директорының орынбасары А.Ақшалова латын әліпбиіне көшудің тиімді жағымен қатар күрделілігі жөнінде сөз етіп, қатысушыларға бұл мәселелерді осы кезден жан-жақты ойластырып,  үлкен жұмыс атқарылуы қажеттілігі жайлы сөз етті. Қорыта келгенде студенттерге қосымша ақпарат беріліп, қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығын түсінді.

Ғылыми кітапхана